НАТО: Ресей КСРО кезіндегі шекараны қалпына келтіргісі келеді

Көркем Алдабергенова 27 сәу. 2026 15:46

НАТО Әскери комитетінің төрағасы Джузеппе Каво Драгоне Ресей бұрынғы КСРО кезеңіндегі ықпалы мен аумағын қайтаруға ұмтылуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Альянс бағалауынша, Мәскеу Кеңес Одағы тарағанға дейінгі геосаяси ықпалын қайта орнатуға тырысуы ықтимал, деп жазады РБК-Украина.

"Олар мұны жуырда өздері де растағандай көрінеді. Бұған ешқандай күмән жоқ. Ресей бұрын иелік еткен аумақтарды қайтаруға ұмтылуы мүмкін. Мен КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңді айтып отырмын", – деді италиялық әскери.

Сондай-ақ ол Ресейді НАТО үшін басты қауіп деп атады. Алайда қазіргі уақытта Балтық елдеріне тікелей және шұғыл қауіп төніп тұр деп барлау қызметтері тіркемегенін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove