Министрлер құрамы тек 16 пайызға жаңарған - саясаттанушы

Сағыныш Сардарова 07 ақп. 2024 09:44 1941

Әлихан Смайылов бастаған Үкімет отставкаға кеткеннен кейін министрлер құрамының тек 16 пайызы жаңарған. Бұл туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі уақытта Үкімет құрамында 25 министр бар. Оның тек 16 пайызы жаңарған.

"Құрылым өзгерген жоқ. 6 вице-премьер қалды. Әйелдердің 16 пайызы қалды. Генералдар саны көбейді, оның ішінде - генерал-полковник - Жақсылықов, генерал-лейтенант - Бектенов, Сәденов, генерал-майор - Арынов. Генерал-майор Шәріпханов "ойыннан шығып қалды", - дейді Әшімбаев.

Айта кетейік, күні кеше министрлер құрамы жаңарған болатын. Оның ішінде, 4 министрлікте жаңа басшы. Қаржы министрі – Мәди Тәкиев, Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназаров, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі – Нұрлан Байбазаров, ТЖ министрі – Шыңғыс Арынов. Қалған министрліктердің басшылары қайта тағайындалған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар