Қаржы министрі Мәди Такиев 2024 жылғы қаңтарда 20,9 миллиард теңгені игере алмаған министрліктер мен өңірлерді атады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, биыл қаңтарда мемлекет бюджетіне шамамен 1 триллион теңге түскен. Сонымен қатар Мәди Мәди Такиев мемлекет қаржысын игере алмаған министрліктерді атады.
"Республикалық бюджет бойынша 1,5 триллион теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау - 33 миллиард теңге, оның ішінде 13 миллиард теңге - үнемдеу, ал 20 миллиард теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу сомасы - мәдениет және ақпарат, экология және табиғи ресурстар, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінде", - деді министр.
Игерілмеудің негізгі себебі - 663 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу.
Тәкиев мұндай мәселе облыстарда да кездетесінін жеткізді.
"Жергілікті бюджеттердің шығысы 422 миллиард теңге болды. 24 миллиард теңге атқарылмады. Биыл өңірлерге 1,8 триллион теңгеге нысаналы трансферттер көзделді. Оларға 1 ақпанда 6 миллиард теңге бөлінді. Олардың 83,5 пайыз игерілді. Атқарылмағаны - 1 миллиард теңге, оның ішінде 0,1 миллиард теңге - үнемдеу, ал 0,9 миллиард теңге игерілмеді. Неғұрлым көп игерілмеу - Түркістан, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарында", - деді Мәди Такиев.