Мұхамедиұлына қатысты апелляциялық соттың шешімі шықты

Көркем Алдабергенова 21 там. 2024 09:53 4403

Апелляциялық инстанция Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімін апелляциялық тәртіппен қайта қарады.Алайда сот үкімді өзгеріссіз қалдыруды шешті. 

Іс сотталушының және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар соттың үкімін алып тастап, Мұхамедиұлын ақтауды сұрады. Сондай-ақ олар бірнеше рет сот тергеуін қайта бастауды сұрады.

"Сот алқасы қаулы етеді: Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 29 ақпандағы Мұхамедиұлы, Сатыбалдин, Нұразхан, Кочетов, Көшенов, Сәдуақасова және Жуаспаеваға қатысты үкімі өзгеріссіз, сотталғандардың, олардың адвокаттары мен қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмай қалдырылсын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді", - деп хабарлады төрағалық етуші судья.

Еске салайық, биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  

  • "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде ақша жымқырғаны жасағаны үшін;
  • лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
  • "Дипломат" қонақүйімен байланысты рейдерлік әрекеттері үшін;
  • пара беруге әрекет жасағаны үшін 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар