Бұл мәліметтерге сенсек, Тоқмәди Тараздағы облыстық ауруханадан 8 наурыз күні кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға сенсек. "Адам өлтірді деп айыпталған кәсіпкер тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген хабарламада.
Бұл мәселеге қатысты Тengrinews.kz журналистері ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне осы мәліметке қатысты сауалхат жолдаған.
Осыдан кейін Tengrinews.kz тілшісі Мұратхан Тоқмәди қашып кетті делінген ақпарат тарағаннан кейін Таразда қандай жағдай болып жатқанын анықтады. Қазіргі уақытта Алматы мен Шымкентке шығар жолдың барлығы жабылған. Шығып жатқан көлік құралдары тексеріліп жатыр. Көлік салоны мен жүксалғышы тексерілуде.
https://www.youtube.com/watch?v=om-Lx4KGVYU