Мұнайлы ауданында шағын кәсіпорын жылына 250 тонна ет өңдеп, айналасын сапалы өніммен қамтуда

Dalanews 02 нау. 2021 06:42 738

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округіндегі ет фабрикасы жылына 250 тонна жартылай ет (фарш) пен шұжық өнімін өндіруде, – деп хабарлайды Dalanews.kz  аудан әкімдігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Фабриканың ашылғанына 20 жылдан асты. Кәсіпорынның негізін қалаушы жеке кәсіпкер Игорь Поздняков қазргі таңда 144 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы адамдар да бар.

Дайын өнім тек Маңғыстау облысының ғана емес басқа да өңір тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етуде. Айта кетейік, соңғы жылдары отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс бар.

– Кезінде өз қаражатымызбен жартылай ет және шұжық өнімдері халыққа қолжетімді бағада сатылуы үшін аштық. Шикізатты Қостанай облысынан алдырамыз, – дейді кәсіпкер  Игорь Поздняков.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар