Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қатты желдің салдарынан ішінде үш адам болған үрлемелі қайық ашық теңізге кетіп қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға түнгі уақытта болған. Хабар түскеннен кейін іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жұмылдырылды. Құтқарушылар теңізде қалған үш азаматты тауып, жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ тұрғындарды ауа райы қолайсыз кезде суға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.