12 қаңтарда әлемдік мұнай нарығында баға кейінгі жеті аптадағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұған Иранға қатысты санкциялардың қатаңдауы және ел ішіндегі тұрақсыздық салдарынан экспорт көлемі қысқаруы мүмкін деген қауіп әсер еткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Reuters ұсынған мәліметке сәйкес, сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63,87 долларға, ал WTI 59,5 долларға дейін қымбаттады. Венесуэладан мұнай жеткізілімі артуы мүмкін деген болжам бағаның күрт өсуін тежеді. Алайда инвесторлар Ресей мен басқа да ірі экспорттаушы елдерге қатысты геосаяси тәуекелдерді әлі де ескеріп отыр.
Goldman Sachs болжамынша, мұнай өндіру көлемінің өсуі бағаға қысым түсіруі мүмкін. Соған қарамастан, әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы нарықтағы тұрақсыздықты күшейте түседі.
