Қазір ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрап, жұмыссыздар саны 2431 адамды құраған.
2017 жылы 2 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 91 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылса, 2018 жылдың 10 айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспары 88 адам болса, 88 азамат жұмысқа орналастырылып, жоспар толығымен орындалды.
2017 жылы 732 азамат демалыс орындарына жіберілсе, оның ішінде 313 мүгедек азаматқа тегін жолдама берілді. 2018 жылдың 10 айында барлығы – 695 жекелеген санаттағы азаматтар демалыс орындарына жіберілсе, оның ішінде жеке оңалту бағдарламасы бойынша 353 мүгедектігі бар азаматтар сауықтыру орындарына тегін жолданды.
2017 жылы мұқтаж мүгедектерді қол арбалармен қамтамасыз ету үшін аудан бюжетінен 6,0 млн. теңгеге 73 қол арба және облыстан 30 қол арба алынып, өтініш берген мұқтаж жандар қоларбамен толық қамтамасыз етілді.Ал 2018 жылдың 10 айында аудан бюжетінен 2500,0 мың теңге қаржы қаралып 28 қол арба алынды және облыс бюджетінен 38 қол арба алынып, барлығы 10 айда 69 қол арба таратылып берілді.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2018 жылы 87 маманға 14,6 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 24 маманға 86,5 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы берілді және жыл соңына дейін екі маманға беру жоспарлануда.
Dalanews.kz