Мүлік дауы: Болат Назарбаевтың мұрагері кім?

Сағыныш Сардарова 03 шіл. 2024 11:09 10925

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның мүлкін бөлу процесі басталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

bes.media деректеріне сүйенсек, Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін нотариус  2024 жылғы 3 қаңтарда мұрагерлік бойынша істі ашты.

"Назарбаевтың отбасы мүшелері, соның ішінде ұлы Нұрбол, жұбайы Динара және бірнеше баласы мұрагерлік құқығы туралы өтініш білдірді. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлесіне де қатысты", - деп жазылған мәліметте.

Мұрагерлік құқығы туралы өтінішпен Нұрбол Болатұлы Назарбаев (1983 жылы 14 қарашада туған, мұра қалдырушының ұлы), Назарбаева Динара Кемелханова (1986 жылы 4 желтоқсанда туған, мұра қалдырушының жұбайы) жүгінген. 

Заң бойынша мұраның міндетті үлесін алуға өтініш білдірген Болат Назарбаевтың балалары:

  • Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.
  • Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген.
  • Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылы 18 мамырда дүниеге келген.
  • Назарбаев Елнұр Болатович, 2013 жылы 19 тамызда дүниеге келген.
  • Назарбаев Болат Болатович, 2014 жылы 17 қазанда дүниеге келген.
  • Назарбаев Акбар Болатович, 2016 жылы 23 қарашада дүниеге келген.
  • Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 2018 жылы 9 шілдеде дүниеге келген.
  • Болатқызы Томирис, 2013 жылы 30 шілдеде дүниеге келген.
  • Болатқызы Аруназ, 2016 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген.
  • Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылы 17 ақпанда дүниеге келген.
  • Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылы 7 маусымда дүниеге келген.
  • Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген.
  • Назарбаева Жанель Болатовна, 2010 жылы 3 қарашада дүниеге келген.

Болат Назарбаевтың мүлкін бөлу мұрагерлік туралы іс қаралғанша уақыт алады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар