Энергетика министрлігі жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазір KEGOC АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілген.
"Өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар кейбір тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосып жатыр. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі", - деп жазылған хабарламада.
Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында.
Сонымен қатар, ведомство "кейбір пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан болды деген ақпарат тарап жатқанын, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін" мәлімдеді.