Энергетика министрлігі кейбір өңірлердегі электрмен жабдықтауға қатысты жағдай бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
4 тамызда энергетикалық жүйеде қуат күрт артып, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымы күрт өзгеруі себеп болған.
"Салдарынан апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлердегі тұтынушылар ажыратылды. Қазір жүйелік оператор "KEGOC" АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейбір өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келді", - деді министрлік өкілдері.
Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында.