MG модельдері қазақстандықтарға айына 90 057 теңгеден басталатын төлеммен ұсынылып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
MG бренді Қазақстандағы Allur автомобиль компаниясының басқаруымен қаржыландыру бағдарламаларын жаңартты.
Енді сатып алушыларға екі түрлі қаржыландыру жолы ұсынылады - стандартты және субсидияланған бағдарлама. Клиент көліктің моделіне, жабдықталуына және ай сайын төлеуге қолайлы сомасына қарай өзіне тиімді нұсқаны таңдай алады.
Субсидияланған бағдарлама MG HS LUXE және MG RX9 LUXE модельдеріне қолданылады. Бағдарлама бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 0,10%-дан басталады. Алғашқы жарна – 5%-дан, несие мерзімі – 84 айға дейін.
Ай сайынғы төлем мөлшері:
- MG HS LUXE — 120 158 теңгеден;
- MG RX9 LUXE — 166 336 теңгеден басталады.
Ал стандартты қаржыландыру бағдарламасы MG-дің барлық модельдеріне арналған. Мұнда да алғашқы жарна 5%-дан басталып, несиені 84 айға дейін рәсімдеуге болады.
Ай сайынғы төлем:
- MG 5 Comfort — 90 057 теңгеден;
- MG 5 Luxe — 96 069 теңгеден;
- MG ZS Comfort — 102 080 теңгеден;
- MG ZS Luxe — 114 104 теңгеден;
- MG HS Comfort — 132 139 теңгеден.
Бұдан бөлек, сатып алушылар үшін несие шарттарын жеке есептеу мүмкіндігі қарастырылған. Яғни алғашқы жарна көлемін, несие мерзімін және ай сайын төлеуге ыңғайлы соманы ескере отырып, әр клиентке жеке ұсыныс жасалады.
Қазақстанда ресми сатылатын барлық MG автокөлігі жергілікті климат пен пайдалану жағдайларына бейімделген. Көліктерге 5 жыл немесе 150 мың шақырым жүріске дейін кепілдік беріледі.
Қолданыстағы бағдарламалар, жеке есептеу және тест-драйв туралы толық ақпаратты MG-дің ресми дилерлік орталықтарынан, mg.com.kz сайтынан немесе 3388 қысқа нөмірі арқылы алуға болады.