«Күн мен түннің теңеліп, тіршілік біткеннің жаңадан оянатын Наурыз мерекесінде ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған.
Тал тамырын тереңге жайып қанша жыл тұрса, сонша уақыт жұртқа саясы мен сауабын әкеледі. Міне, бүгін аудан жұртшылығы болып отырғызған ағаш көшеттерін алдағы уақытта көздің қарашығындай сақтап, баптап – күту жүктелген міндеттін бірі екенін естен шығармай, қаламыздың гүлденіп, көркеюіне бірге үлес қосайық.»,-деді аудан әкімі Алмас Абдинов.
Жалпы, бүгінгі күні ауданға 400 түп жеміс ағаштары мен қарағай көшеттері отырғызылған.
Шұғылалы көктемнің шуақты күнінде атқарылған игі істің бастамасы алдағы күндері жалғасын табатын болады.
К.Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы