Қалада серуен құрып, елорданың көрікті жерлерін көзайым болғысы келген жұртқа «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустары қызмет көрсететін болады. Су жаңа қоғамдық көліктер қаланың көрікті орындарын аралып, жұртшылықтың мекерелік демалысын қызықты өткізуі үшін жұмыс істейтін болады. Көлікке бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік берілетінін де айта кетуіміз керек.
Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегі арқылы қаланың әсем ғимараттары жайында жан-жақты ақпарат алуға болады.
Бір серуенде аудиогидтер қазақ тілінде ақпарат таратса, екінші серуенде орыс тілінде мол ақпаратқа қанығуға болады. Ал экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келушілер өздерімен бірге құлаққап ала шығуы тиіс. Өйткені мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.