Мемлекеттік қызметші букмекерлік кеңселерге 106 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған

Мемлекеттік қызметші букмекерлік кеңселерге 106 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған
ЖИ: Dalanews.kz

Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық ветеринариялық станциясының бас бухгалтері 106,6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, сотталушы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға теңестірілген қызметкер бола тұра, 2021–2025 жылдар аралығында бюджет қаржысын өз шотына заңсыз аударып отырған.

Ол қаражатты жалақы, сауықтыру жәрдемақысы және іссапар шығындары ретінде рәсімдеп, жалпы 106 647 070 теңгені иемденген. Тергеу деректеріне сәйкес, жымқырылған ақшаны жеке қажетіне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ойындар мен спорттық бәстерге қатысуға жұмсаған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Алайда мемлекетке келтірілген шығын әлі өтелмеген.