– Жаңа кодекс Әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін айтарлықтай бірегей заңнамалық актіні білдіреді. Бұрын Қазақстанда мұндай кодекс болған емес, –дейді Түлкібас аудандық сотының судьясы Болат Турабай.
Жалпы, қазіргі таңда елімізде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралатын болса, бұл жаңашылдық арқылы сот ісін жүргізудің төртінші, жаңа институты – «әкімшілік іс жүргізу» деген ұғым енгізіледі.
Қазіргі таңда осы әкімшілік-әділет жүйесіне дайындық барысы жүргізіліп жатыр. 500-ге жуық судья оқытылуда, 21 әкімшілік сот құрылады, ол соттардың 17-сі еліміздің ірі қалаларында, қалған төртеуі Қаскелең, Семей, Жезқазған және Екібастұз қалаларында орналасады. Ал, Заң нормалары халыққа кеңінен түсіндірілуде.