Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылыққа алғашқы қадамдары

Dalanews 10 қыр. 2025 14:18

​Бүгінде мектеп оқушыларының қалта шығындары осыдан он жыл бұрынғы шығындардан мүлдем өзгеше көрінеді. Тәтті-дәмділер немесе кино сияқты әдеттегі ұсақ-түйектердің орнына балалар онлайн-ойындарға, қоғамдық көлікпен жол жүруге және білім беру қызметтеріне жазылуға көбірек ақша сұрайды.  

Нәтижесінде ата-аналардың айдан айға мыңдаған теңгесі кетеді, бұл ретте ақшаның қайда жұмсалғаны әрдайым анық бола бермейді. Шығындарды реттеудің қарапайым тәсілдерінің бірі - баланың ұялы телефондағы тарифіне назар аудару. Бұл жерде күтпеген жерден ақша үнемдеуге болады.

Мысалы, Имба Junior және Имба Pro тарифтері Kundelik немесе BilimClass білім арқылы қосылған кезде 40%-ға арзан түседі.

«Біздің мұратымыз - оқуды әр балаға қызықты әрі пайдалы ету. Activ-пен бірлескен жоба цифрлық сервистер мен мобильді технологиялардың балаларға білім алып қана қоймай, жақсы бағалардан практикалық пайда табуға көмектесуінің мысалы болып отыр. Бұл - мұғалімдер үшін мықты мотиватор және ата-аналарға қосымша қолдау», - деп атап өтті «Күнделік» ЖШС бірінші басшысы Ілиясов Мұхтар.

Отбасы үшін бұл бір балаға байланыс үшін шамамен 5-6 мың теңгенің орнына бар-жоғы 2 мың теңгеден сәл асатын ақша керек дегенді білдіреді. Егер бір жылға есептесек, айырмашылық 20 мың теңгеден асады. Негізінен, мұндай сома спорттық секция, кітаптар немесе бірлескен саяхат сияқты пайдалы нәрселерге жұмсалуы мүмкін.

Бірақ пайда осымен бітпейді. Ай сайын оқушы арнайы бонус - имбакс алады, олар тарифті төлегеніңізге ғана емес, жақсы бағаға да есептеледі.

Нәтижесінде бала өзінің күш-жігері мен нәтиже арасындағы тікелей байланысты көреді: оқу балл табу жолына айналады, ал баллдар нағыз ақшаға айналады.

Бір имбакс 1 теңгеге тең және оларды автобуспен жол жүргу немесе ойын валютасына айырбастауға болады. Сондай-ақ, болашақта оператордың серіктестерінен пайдалы нәрселерді сатып алу мүмкіндігін алуға болады. 

Осылайша бала майда шығындарға арналған құралға ие болады, ал ата-аналар бірінші талап бойынша ақша беретін банкомат болудан қалады. Бұл тәсіл бірден бірнеше мәселені шешеді: біріншіден, байланыс ақысын үнемдеуге көмектеседі, екіншіден, балаларда ақшаның құндылығын түсінуді және өз қаражатын басқару әдетін қалыптастырады, үшіншіден - шексіз «ақша бер» деген отбасылық жанжалдар санын азайтады.

Бұған тарифтің ыңғайлы артықшылықтары да қосылады, мысалы, лимитсіз WhatsApp, онлайн-ойындарға және білім ресурстарына қол жеткізу, жағымсыз жазылымдардан қорғау, тіпті, егер бала шотты уақытында толтырмаса, шұғыл минуттар да қосылады. Нәтижесінде Имба тарифі ата-аналарға бюджетті бақылауға мүмкіндік береді, ал балаға қаржылық дербестіктің алғашқы тәжірибесін береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар