Мейрамхана, кафе және банкет залдарында бітіру кешін өткізуге болмайды: еліміздің бас педагогі ескерту жасады

Мейрамхана, кафе және банкет залдарында бітіру кешін өткізуге болмайды: еліміздің бас педагогі ескерту жасады
gov.kz

Мектептерде түлектерге аттестат тапсыру салтанаты 17-18 маусымда өтеді. Алайда биыл да бітіру кештерін мектептен тыс жерде өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның айтуынша, оқу жылын аяқтауға арналған іс-шараларды өткізу тәртібі бірыңғай форматта бекітілген.

Министрдің сөзінше, аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының аумағында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мейрамхана, кафе және банкет залдарында бітіру кештерін өткізуге, сондай-ақ, ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол берілмейді.

Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселе әкімдіктер мен Ішкі істер органдарының қатаң бақылауында болатынын айтты.