Маймыл шешегі: ДСМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Қаракөз Амантай 16 там. 2024 11:48 3443

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Конго демократиялық республикасында маймыл шешегінің өршуіне және аурудың көршілес елдерге таралуына байланысты шетелге шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Маймыл шешегі – Poxviridae тұқымдасына жататын вирустық ауру. Оның инкубациялық кезеңі 5-тен 21 күнге дейін болуы мүмкін. Негізгі клиникалық белгілері: қызба, бөртпе, тамақ ауруы, бас ауруы, бұлшықет және арқа ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда маймыл шешегіне шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. ДСМ: ауру адамдармен және ауру жануарлармен (маймылдар, егеуқұйрықтар, тиіндер және басқа да жабайы жануарлар вирус тасымалдаушылары болуы мүмкін) байланыста болмау; қорғаныс құралдарын пайдалану.

Жануарларға жақындағанда немесе оларға күтім жасағанда, әсіресе, зертханалық жағдайларда, қорғаныс киімдерін, қолғаптарды және маскаларды пайдалану; гигиенаны сақтау. Қолды үнемі сабынмен жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану; бөртпе, безгек, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болса, диагнозды анықтау және емделу үшін дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертті.

Эндемиялық аймақтар: Африка, Америка және Еуропа.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар