Мәскеуде теракт болды: кемінде 15 адам қаза тапты

Көркем Алдабергенова 23 нау. 2024 00:00 15613

Белгісіз біреулер Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында адамдарға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы бірнеше ресейлік телеграм арна хабарлады.

Риа Новости мәліметінше, кемінде үш адам оқ жаудырған. 

Қазіргі уақытта концерт залында өрт шыққан. Себебі оқ атқандар граната жарған көрінеді. 
"Залда жүрген адамдар атыстан қорғану үшін бірден жерге құлай түсті. Кемінде 15-20 минут жерде жатып, ақырындап сыртқа шыға бастады. Көбі қашып үлгерді", - делінген телеграм арналарда. 

БАҚ-та қаза тапқандар туралы түрлі ақпарат тараған. Бірі 15 адам қаза тапқан десе, енді бірінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккені айтылады.

Деректерге сүйенсек, атыс "Пикник" рок-тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар