Мәскеудегі Троекуров зиратынан Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Айдар Ақаевтың жерленген орны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Зиратта түсірілген видеоны танымал адамдардың қабірлері туралы материалдар жариялайтын блогер Наиль Валиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Оның айтуынша, Айдар Ақаевтың қабіріндегі бесік пішінінде жасалған ерекше ескерткіш бірден назар аударған. Қабір Троекуров зиратының мұсылмандар жерленген бөлігінде орналасқан.
Айдар Ақаев 1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Олардың некесі шамамен үш жылға созылып, 2001 жылы ажырасқан.
Кейін Айдар Ақаев қырғызстандық тележүргізуші Сайкал Чокубаевамен шаңырақ көтерген.
Айдар Ақаев 2020 жылғы 5 ақпанда Мәскеуде қайтыс болды. БАҚ-та тараған мәлімет бойынша, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған.