Уәкіл Мәсімов қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген басқа ұсталғандармен бірдей жағдайда қамауда отырғанын атап өтті.
"Біз тексердік, бізде бұл туралы ақпарат бар, бірақ біздің жұмысымыздың ерекшелігі барлық деректерді ашуға мүмкіндік бермейді. Әзірге бізге ешқандай шағым түскен жоқ (Мәсімовтен - автор), сондықтан мен егжей-тегжейлі айта алмаймын. Камера – ол камера, бір адамдық болсын, басқасы болсын. Оны қоғамнан оқшаулау екенін түсіну керек. Сондықтан бұл жерде артықшылық туралы мәселе жоқ", - дейді ол.
Адвокаттарға қолжетімділік, медициналық көмек, тамақ бері бойынша барлық тұтқындардың жағдайлары бірдей екенін айтты. 6 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.