Кәрім Мәсімовтің экс-күйеубаласы Азамат Кәпеновке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
46 жастағы Кәпенов 9 тамыздан бері іздеуде.
Бұған дейін Азамат Кәпеновке Ресей іздеу жариялаған болатын.
Азамат Кәпенов - "Қазтеміртранс"АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.