Freedom Inside '26

Мәсімовтің бой тасалап жүрген күйеу баласы елді елең еткізді

Мәсімовтің бой тасалап жүрген күйеу баласы елді елең еткізді
Dalanews.kz

Мемлекетке опасыздық және жемқорлық ісі бойынша сотталған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов әлеуметтік желіде "Қазақстан темір жолы" компаниясына тиесілі зауыттың сатылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Қазақстан темір жолында бір зауыт болды. Оған шамамен 18 миллиард теңге жұмсалған, бірақ кейін небәрі 90 миллион теңгеге сатылды. Пікірге осы зауыттың атауын бірінші болып дұрыс жазған адамға жауап ретінде бұл зауыт қалай сатылғанын толық айтып, рилс жариялаймын. Кеттік", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Азамат Қапеновке халықаралық іздеу жариялаған болатын. Осыдан кейін ол әлеуметтік желіде белсенділік танытып, жазбаларында өзіне тағылып отырған айыпқа, заңсыз әрекеттерге қатысы жоқ екенін айтып жүр.