Мәсімов лаңкестіктің жолын кесуде атқарылған жұмыстар жайлы айтты  

Dalanews 13 шіл. 2021 11:28 732

Шыны керек, қазіргі таңда елімізде діни экстримизмнің екіпіні айтарлықтай бәсеңдеген. Бұған мемлекеттік деңгейде қолға алынған профилактикалық жұмыстардың өз әсерін тигізгені сөзсіз. Осы ретте ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов діни экстремизмге қарсы республика аумағында кешенді жұмыстар жұмыс атқарылып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы ретте қауіпсіздік саласына жауапты ведмоства лаңкестік әрекеттердің көпшілігін күні бұрын анықтап, жолын кесіп отырғанын айрықша атап айтуға болады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қауіпсіздік қызметі заман талабына сай жұмыс істеп, діни экстримизмнің алдын алу бағытында мол тәжірибе жинағаны анық.

Бұдан бөлек соңғы кездері халықаралық террорлық ұйымдардың қатарындағы қазақстандық азаматтардың саны едәуір азайған. Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырған «Жусан» операциясы оң ықпал еткенін айтуға тиіспіз.

Осы операцияның арқасында ұзын саны 600-ге жуықтайтын отандастарымыз елге оралып, бұрынғы көзқарасынан бас тартқан.

– Жалпылама алғанда «адасқан» азаматтардың дәстүрлі ортаға оралуы, оларды қоғамға бейімдеу бағытында атқарылған жұмыстар жемісін беруде. Лаңкестік әрекетке барған азаматтарды ортадан оқшаулап, көптеген іс-шара қолға алынды, – дейді Мәсімов.


Комитет тқрағасының айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі лаңкестікке қарсы орталықта терроризмнің жолын кесетін алгоритмдер әзірленген. Аталған жұмысты құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыдан жетілдіру ұдайы жүргізілуде.

Осы ретте Кәрім Мәсомов діни экстримизмнің алдан алу ісіне үкіметтік емес ұйымдар мен түрлі сарапшылар да белсенде түрде атсалысып отырғанын алға тартты. Осы бір жайттын Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстримизмге қарсы күрес жүргізуде тұтас қоғамды жұмылдырып отыр десек артық айтқандық болмас еді.

– Биылдың өзінде жалпы саны 500 адамды қамтыған 5 мыңнан аса профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын атап айтуға болады. Бір ғана ғаламторда 53 мыңнан аса террорлық және экстремистік материалдардың көзі жойылып, қауіпті сайттар бұғатталды. Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде экстремистік көзқараста болған 900-ге тарта азамат дәстүрлі ислам дініне қайта оралды. Радикалды-діни көзқарастағы 1067 азаматты қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімдеп, ортаға сіңісуіне жәрдемдестік, – дейді ҰҚК төрағасы.

Қолға алынған іс-шаралар оң нәтиже беріп, соның арқасында террорлық акті туралы хабарлаған жалған қоңыраулардың статистикасы күрт азайған. Осы ретте лаңкестікке қарсы операцияны жүзеге асыру кезінде министрліктер мен түрлі ведомстволар бірлесе жұмыс істеуге бейімделгенін айта кетуіміз керек.

Кәрім Мәсімовтың пікірінше, лаңкестіктің алдын-алуда көші-қон саясатына мұқият назар аудару керек. Заңсыз миграция елге террористік және экстремистік пиғылдағы азаматтардың өтіп кетуіне жол ашуы мүмкін. Сондықтан көші-қон саласында жұмыс істейтін қызметкерлер өте сақ болуы керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар