Машкевич халықаралық тергеуден қалай сытылып кетті?

Dalanews 22 қыр. 2023 10:17 407

Аса ауыр алаяқтық әрекеттерді тергеумен айналысатын бюро қазақстандық ENRC тау-кен компаниясына қатысты 10 жыл бойы жүргізіліп келген сыбайлас жемқорлық тергеуін жапты. Бұл туралы  Theguardian жазды.

Ұлыбританияның Аса ауыр алаяқ әрекеттер бюросы қазақстандық ENRC тау-кен тобына қатысты 10 жыл бойы дауға айналған қылмыстық істі тоқтатып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуді аяқтады. Себебі, SFO ұйымы «компанияны қудалау үшін дәлелдер жеткіліксіз» деген қорытындыға келген.

2013 жылдың сәуірінде басталған SFO тергеуі ENRC-тің Африкадағы кен өндіру келісімшарттарын сатып алуына байланысты пара алу және алаяқтық туралы айыптауларға бағытталған еді. 2021 жылы үш қазақстандық олигарх құрған компания «агенттік тергеуді дұрыс жүргізбеді және қызметтік құқық бұзушылық жасады» деп SFO үстінен Жоғарғы сотқа арызданып,  70 миллион фунт стерлинг талап еткені есте.


Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тобы ENRC азаматтық сот ісі SFO-ның істі тоқтату туралы шешіміне ықпал еткен болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.
Топтың аға заңгері Хелен Тейлор: «SFO агенттігі мен оның қызметкерлеріне ENRC-тен келген көптеген құқықтық қиындықтар шешім шығаруға келгенде үлкен рөл атқарғанын анықтау керек. Осы тергеуге қатысты сот ісін жүргізу компанияның іс-әрекетін қоғамдық бақылауға салқынын тигізді және сыбайлас жемқорлыққа ұшырағандардың сотта тыңдалуына кедергі келтірді», – деген заңгер.

SFO веб-сайтында іс бойынша жарияланған ақпаратта агенттік ENRC-ге қатысты тергеу сотқа жеткізілуі мүмкін дәлелдердің болмауына байланысты жабылғанын түсіндірді.
«Жауапты прокурор ретінде біз барлық істеріміздің прокурорлар кодексінде белгіленген қатаң дәлелдемелік және қоғамдық мүдде критерийлеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуіміз керек. Тергеу туралы соңғы шолудан кейін бізде қылмыстық қудалау үшін жеткілікті дәлелдемелер жоқ» қорытындыға келдік және істі жаптық», – делінген хабарламада.


Қысқасы, «ENRC SFO өзінің тергеуін аяқтағанына, ал SFO бұл мәселеге енді араласпайтынына қуанышты».

Айтпақшы, британдық агенттік сонымен қатар тағы үш тергеуді, атап айтқанда 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты англо-австралиялық кенші Рио Тинто тергеуінің жабылғанын мәлімдеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар