Ғалымдардың бұл жоспарына Марста жиі орын алып тұратын шаңды дауыл кейінге шегеруі мүмкін. Таяуда NASA мамандары Қызыл ғаламшарда құмды дауыл әрбір екі-үш апта сайын соғатынын байқаған. Жиі соққан дауыл Марсты игерушілердің құрылғыларын қысқа мерзімде істен шығаруы мүмкін екенін алға тартты. Сондықтан NASA мамандары жиі соғатын құмды дауылды зерттеп, шаң-тозаңның химиялық құрамын зерттеп барып қана ғаламшарға адамдарды жіберу керек екенін ескертті.