Mars компаниясы Қазақстанға инвестиция салады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Mars Incorporated компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухпен кездесті.
Келіссөздер қорытындысында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында шамамен 180 млн доллар көлемінде инвестициялық келісімге қол қойылды.
Жоба аясында Алатау қаласында үй жануарларына арналған жем өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.
