102 жастағы Хадиша Туржанова референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz Buqara.kz сайтына сілтеме жасап.
Хадиша апамыз 1922 жылы 20 наурызда Қалжыр ауылында дүниеге келген. Өмір жолын адал еңбекке арнаған. Тоғыз баланың анасы. Бүгінде әженің 27 немересі, 43 шөбересі және 7 шөпшегі бар.
- Хадиша апамыздың бүгінгі ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық! Өмірі ғұмырлы, денсаулығы мықты болсын демекпіз! - делінген ақпаратта.