Марқакөл орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды

Марқакөл орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды
жи: dalanews

Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл тауларында шыққан табиғи өрт толық аумақта оқшауланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өрт Марқакөл орман шаруашылығының Ақжайлау орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен бұталардың жануынан басталған. Таулы аймақтың қолжетімсіз болуына байланысты тілсіз жауды сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, орман шаруашылығы қызметі, «Қазавиаорманқорғау» мамандары мен авиация жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өртті оқшаулау мүмкін болды.

– Бүгін өрт толықтай оқшауланды. ТЖМ тікұшақтары әуеден тоғыз рет су төгіп, жалпы көлемі 4,5 тонна су шашты, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Мамандар өрттің қалған ошақтарын толық жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, Марқакөл өңіріндегі өртті сөндіруге бірнеше мекеменің күштері мен арнайы авиация тартылған болатын. Төтенше жағдай қызметтері табиғи өрттің қайта өршуіне жол бермеу үшін аумақтағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.