Шығыс Қазақстан облысында Шекаралық Марқакөл ауылынан облыс орталығы – Өскемен қаласына тікелей автобус жолға шықты. Бұл ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған мәселенің бірі болатын,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Аудан әкімі Рүстембек Кемешев, аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Қалелов жолаушыларды құттықтады.
Ауыл тұрғындары үшін бұл оқиғаның маңызы зор. Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм салаларына оң әсер етпек.
Ауыл халқы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановқа шын жүректен алғысын білдіруде.
Жаңадан ашылған бағыт ауыл тұрғындарының ғана емес, Марқакөлге бағытталған ішкі туризмді де дамытуға серпін береді деп күтілуде.