Сондай-ақ, облыс аумағында жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 16 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарының 184 қабылдау бекеттері жұмыс істеуде.
– Шаруаларды қолдауға орай, өнімдерге субсидия төленетін болады. Бұл бағытқа 1,9 млрд.теңге қаржы қаралған. Мәселен, мақта өніміне субсидия алу үшін мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 12 мың теңге төленсе, қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өңдеуге өткізілген күріштің 1 тоннасына 4 мың теңге субсидия беріледі, – деді Нұрбек Бақтыбайұлы.
Айта кетерлігі, шаруалар субсидия алу үшін өзінде қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорны мен ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжаттардың және қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарды растайтын төлем құжаттары болуы қажет.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі