Оттегі концетраторы, оттегі маскасы, мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқас балаларды емдеуде таптырмайтын құралдардың бірі.
Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудандық "Мырзакент" ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов құрал-жабдықтарды ауруханаға жеткізіп берген кәсіпкердің ұлына алғыстарын білдіріп, осындай қиын кезеңде халқына сүйеніш бола білген кәсіпкер нағыз "бүгінгі күннің батыры" екенін атап өтті.
– Коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппаратының маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасанды тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігінен көптеген елдерде коронавирус індетінен қайтыс болушылардың саны артуда, – деді "Мырзакент" ауруханасының бас дәрігері Берік Нағашбекұлы.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында коронавирусқа шалдыққан 4 науқас тіркелген. Ауруханалар мен овсервациялық орталықта 56 адам карантинге алынған. Сондай-ақ, 120 адам үй карантинінде жатыр.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі