Мақтааралдағы сарбаздардың ерлігі

Dalanews 14 мам. 2020 13:26 933

Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі.

Оңтүстікке көмекке келген ұзынағаштық 28237 әскери бөлімінің жедел механизацияланған отряд сарбаздары 10 мамыр күні Жеңіс елдімекенінде газ құрылғысымен жабдықталған Мерседес автокөлігінен өрт шыққанын байқайды.

Оқиға орнына жедел барған әскери қызметшілер автокөліктегі өртті сөндіріп, көлік иесіне көмектескен. Шұғыл әрекеттің арқасында көлік иесі жапа шеккен жоқ. Жергілікті тұрғынды қауіптен майор Бауыржан Жұмабеков пен қатардағы жауынгер Бағлан Нури арашалап қалған.


Ал Шымкент қаласынан келген 6506 әскери бөлімінің қызметкерлерінен құралған жасақ Мырзакент ауылында патрульде жүріп, таңғы 4-5 шамасында тұрғын үйлердің бірінен газ баллонының жарылғанына куә болады.

Өрт басталған үйдің есігін ашып, көршілеріне хабар беріп, үй иесін шақыртады. Кезекші аға лейтенант Серік Құдайбергенов өрт болған жерге учаскелік полиция қызметкерін және өрт сөндіру командасын шақыртады.

Өртті сөндіріп, адамдар қауіпсіздігі үшін шеп құрады. Бұл сарбаздардың күнделікті басынан өткізіп жатқан оқиғалардың бір парасы.


Атап өтейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақта 1626 адам, 324 техника, 17 қайық, 217 мотопомпа жұмыс істеуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар