Өндіріс орны Германия мемлекетімен бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2022 жылдары іске қосылмақ. Онда 74 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
Сондай-ақ, ауданда мақта майын өндіретін жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын Қазақстан және Түркия елдерінің бірлескен жобасы жүзеге асады. Өндіріс орны ағымдағы жылы іске қосылады деп жоспарлануда.
Жобаның қуаттылығы жылына 2,9 мың тонна май, 14 000 тонна шрот шығару, онда 48 адам жұмыспен қамтылады.

– Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 4 айында жалпы ішкі өнім көлемі 15,1 млрд теңгені құраса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5% артқан. Аудан бойынша биыл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,5 млрд теңгені құрап отыр. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2021 жылдың 4 айында 4,5 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы – 431,1 млн теңге, мал шаруашылығы - 4,1 млрд теңге, – деді Бақыт Насырханұлы.