OTAU TV қазақстандық жерсеріктік телевизия жүйесінде 49 боп тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының базасында құрылып отыр, деп мәлімдеді ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.
“Бұдан былай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия бағытындағы ақпараттық әрі насихаттық іс-шаралары мен жұмыстары осынау MUNARA TV телеарнасы арқылы жүзеге асатын болады. MUNARA TV азаматтардың діни сауатын ашу мен арттыруды, жас аудиторияның бойына адамгершілік, ұлтты сүю, имандылық секілді қастерлі құндылықтарды сіңіруді көздейді", - делінген Діни басқарма таратқан мәліметте.
Сонымен қатар телеарна басшылығы онлайн режімдегі дәрістер ұйымдастыруды, елдегі, әлемдегі актуалды мәселелер төңірегінде көрермен көкейінде жүрген сауалға тікелей эфирде жауап беруді жоспарлауда.
Айта кетелік ҚМДБ-ның MUNARA атты республикалық рухани-танымдық бағыттағы басылымы бар. Болашақта MUNARA FM радиосын ашу да жоспарланып отыр.
Діни басқармаға тікелей бағынатын төл телеарна мен радионы іске қосу ұйымның 2020-2025 жылдағы стратегиялық даму бағдарламасында көрсетілген.
Өткен жылдың қарашаса айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арна” телеарнасының біржолата жабылып, "Халық арна" телеарнасының ашылғанын мәлімдеген болатын.