Манипуляция мен кликбейт: Дезинформацияға қарсы орталық Төреғожина ісін талдады

Ақтоты Жапатова 20 там. 2025 09:26

Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығының жаңа шығарылымында медиадағы және әлеуметтік желілердегі кликбейт пен манипуляция мәселесіне назар аударылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Мысал ретінде қоғам белсендісі Бақытжан Төреғожинаға қатысты жағдай келтірілген. Оның жазбалары шындыққа сәйкес келмейтін деп танылып, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен омбудсмен аппараты, медициналық ұйымдар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері кірген комиссия тарапынан ресми түрде теріске шығарылды.

Еске салайық, 2025 жылғы шілде айында Төреғожина жалған ақпарат таратқаны үшін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Орталық атап өткендей, фактілерді әсірелеу мен драматизация — манипуляторлардың жиі қолданатын әдісі, ол ресми ақпарат көздеріне деген сенімді әлсіретеді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар