Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметшінің әкесі ұлының жағдайы туралы айтты. Оның сөзінше, отбасы болған жайтты ресми органдардан емес, әлеуметтік желіден білген, деп хабарлайды dalanews.kz ztb news-ке сілтеме жасап.
Сарбаздың отбасы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрады. Қайғылы хабар тараған кезде әкесі жұмыста болғандықтан, Ақтауға оның жұбайы бірден жолға шыққан.
"Қазір ұлымның жағдайы жақсы, сөйлесіп жатыр. Денсаулығы тұрақты. Оқиға туралы әлеуметтік желіден білдім. Сол сәтте жұмыста болғандықтан, әйелім бірден Ақтауға аттанды. Баламның аман қалғанына шүкір", – деді әскери қызметшінің әкесі.