Маңғыстауда мұнай өндіруге қатысты күмәнді дерек тексеріліп жатыр

Маңғыстауда мұнай өндіруге қатысты күмәнді дерек тексеріліп жатыр
Фото: Маңғыстау облысының экология департаменті

Маңғыстау облысында "Долинное" кен орнында мұнай заңсыз өндіріліп, газ ауаға шығарылды деген ақпарат тарады. Қазір бұл деректі облыстық Экология департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

11 тамызда әлеуметтік желіде кен орнынан мұнай заңсыз өндіріліп жатқаны және ілеспе газдың атмосфераға шығарылғаны туралы видео жарияланған.

"Долинное" кен орнын "Емір-Ойл" ЖШС игереді. Экология департаменті желіде тараған ақпаратты бақылауға алғанын хабарлады.

Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін департамент жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесін қарастырады. Егер тексеру барысында экологиялық талаптардың немесе басқа да заң талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға тиісті шара қолданылады.