Маңғыстау облысында шамамен 40 миллион жыл бұрын тіршілік еткен акулалардың тістері табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Зерттеу жұмыстарын швециялық палеонтолог Штефан Киль мен Yessenov University студенттері және оқытушылары бірге жүргізген.
Экспедиция кезінде ғалымдар киттің қабырғасын, теңіз жұлдыздарының қалдықтарын және әртүрлі моллюскаларды да анықтаған.
Мамандардың сөзінше, көне дәуірде Маңғыстау өңірі алып Тетис мұхитының құрамына кірген. Қазір шөлейтті аймақ ретінде белгілі өңірдің астында миллиондаған жылдық теңіз тарихының ізі сақталған.