Маңғыстауда жыл басынан бері 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Dalanews 30 мау. 2022 06:11 1049

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елордада Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналситермен кездесіп, өңірде жыл басынан бері 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау өңірінің өзекті мәселелерінің бірі – халықты жұмыспен қамту. Бүгінде аймақ бойынша жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрайды. Жыл басынан бері 11 557 жұмыс орны құрылды, оның 6 741 тұрақты.

Қалған жұмыс орындары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен құрылды.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында 10 мыңнан астам адам әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның ішінде 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.


Сондай-ақ, 2021 жылы «Жұмыс жасаймын» өңірлік жобасы басталды. Биыл жергілікті бюджеттен 955,5 млн теңге бөлініп, 646 тұрғын тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы және Жастар тәжірибесінің қатысу уақыты 12 айға, жалақы мөлшері 30 АЕК дейін ұлғайтылды.

Бұған қоса, 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың бизнес-идеяларын іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттардың көлемі 200  айлық есептік көрсеткіштен 400 АЕК дейін көбейтілді.

Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындарын жұмысқа орналастыру мақсатында қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту орталықтары Ресейдің «Татнефть» компаниясымен бірлесіп 1-3 маусымда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында әңгімелесу ұйымдастырды. Сұхбатқа 531 адам қатысты, бүгінгі таңда 190 тұрғын бойынша оң шешім қабылданды.


Оларды кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыру үшін тиісті шаралар қабылданатын болады. Жалпы, компания Татарстан Республикасында, Ресей Федерациясында жұмыс істеу үшін 600-ден астам адамды қабылдауды жоспарлап отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар