Маңғыстауда жартасқа жазу жазып кеткендер іздестіріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 06 мам. 2025 15:59 278

Маңғыстауда жартасқа жазу жазып кеткендер іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Граффити бейнеленген видео YouTube арналардың бірінде жарияланған. Кадрлардан жартаста үлкен әріптермен "Үштаған" деп жазылғанын байқауға болады. Алайда бұл граффити нақты қай жерде және қашан жасалғаны нақты көрсетілмеген.

Видеоға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді. Бұл аумаққа қоқыс та тасталғаны белгілі болды. Полиция бұл жартастың орналасқан жерін нақтыламады.

"Бұл дерек бойынша жартастағы жазуға және қоқыс тастауға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар