Конституциялық Сот Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Конституциялық Сот Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.