«Есіктен есікке» акциясы барысында Түпқараған ауданының сайлауалды штабының төрайымы Светлана Жолдасова мен аудандық штаб мүшелері Ақшұқыр ауылының №2 және 5 кварталдарына барды.
Акция аясында белсенділер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, тұрғындарға алдағы сайлау туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, «Қазақстанның 7 басты жетістігі», «Nur Otan партиясына дауыс бер», «Біз бірге жаңа жетістіктерге жетеміз!» тақырыптарында үгіт-насихат материалдарын таратты.
Бүгінде Ақшұқыр ауылында 11 205 адам тұрады. Ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын және қызықтыратын көптеген сұрақтар қойды және өз тілектерін жеткізіп ұсыныстарымен бөлісті.
Аудандық штаб мүшелері Nur Otan партиясының атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, ауыл тұрғындарымен әңгімелесті.
Партияның Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Жолдасова үгіт-насихат жұмыстары тікелей эфирде ашық диалог форматында өтіп жатқанында атап өтті.
(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді)