Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз психиатриялық ауруханаға түсті

Көркем Алдабергенова 23 қыр. 2025 11:51

Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз психиатриялық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сұлтан Шынтеміров биыл көктемде әскерге шақырылып, Бейнеудегі №99116 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген.

Jagdai телеграм арнасының мәліметінше, жігіт анасымен сөйлескенде соққыға жығылатынын айтып, бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Анасының сөзінше, оны ауыр жұмысқа салып, тіпті кірпіш қалау жұмысына да жұмсаған.

Жақында командирі сарбаздың жүрегі мен бүйрегінде ақау барын айтқанымен, дәрігерге апарудың орнына оны психиатриялық ауруханаға жеткізген.

Ол жерде сарбазға бір апта болды. Қазіргі кезде онымен бірге тағы екі әскер қызметкері ем қабылдап жатыр. Жағдайға байланысты тексеріс басталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар