«Мәңгілік ел» жыр фестивалі өтеді

Dalanews 16 нау. 2017 13:46 832

2017 жылдың 20-23 наурызы аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Ұлыстың Ұлы күні құрметіне «Мәңгілік ел» жыр фестивальі өтеді.

Фестиваль аясында 20 наурыз күні «Дін-мұсылман аманда» атты діни-рухани жыр-термелер кеші, 21 наурыз күні «Тұлпар мініп, ту алған!» атты ұлт-азаттық сарындағы жыр-толғаулар және 22 наурыз күні «Атымды Адам қойған соң...» атты адамгершілікті, ізгілікті жырлаған жыр-терме, толғау-дастандары арналған дәстүрлі ән кеші өтеді.

Шараға Алмас Алматов, Берік Жүсіп, Ұлжан Байбосынова, Жәкен Омаров, Ерболат Шалдыбек, Күнсұлу Түркпенова, Фархат Оразов өнерпаздар қатысады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар