Енді Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының бас санитар дәрігері осындай қаулы шығарған.
Ол қаулыға сәйкес,7 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына байланысты Мәжіліс отырысы өтетін ғимаратқа міндетті түрде маскамен келу керек.
Енді жиналыстар мен басқа да шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
"Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін коронавирус инфекциясы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан және Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаевтан анықталған болатын.