Мағжан Ілиясов АҚШ-тағы елші қызметіне тағайындалды

Сағыныш Сардарова 20 қаз. 2025 09:13

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы елші қызметін Ержан Ашықбаев атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар