Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусьтің жетінші рет сайланған президенті Александр Лукашенко сөйлесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Беларусь президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев пен Лукашенко алдағы уақытта жеке кездесуі мүмкін.
Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтап, ол барша Беларусь халқына өзінің шынайы құттықтауы мен сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Александр Лукашенко жылы лебізі мен тілегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін білдірді, делінген хабарламада.
Беларусь президенті Лукашенко 87.6% дауыспен жетінші рет тағы да президент болды.
"БелТА" порталы Exit-poll мәліметтеріне сүйеніп сауалнама 320 сайлау учаскесінде өткізілгенін, оған 11 948 адам қатысқанын жазған.
Президенттікке үміткер Сергей Сыранков 2,7%, Олег Гайдукевич – 1,8%, Анна Канопацкая – 1,6%, Александр Хижняк – 1,2% дауыс жинаған. Ал "бәріне қарсы" дауыс бергендер саны 5,1% болды.
Беларусьтегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20:00-де (Мәскеу уақытымен сәйкес) жабылды. Республика Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 18:00-ге дейінгі сайлаушылардың келуі 81,5% болған. Ең жоғары белсенділік Могилев облысында тіркеліп, ол 89,05%-ға жеткен.
Еске салсақ, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 5325 сайлау учаскесі ашылып, олар таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Мәліметтерге сенсек, дауыс берушілер саны 6 900 504. Олардың ішінде 88 мыңнан астам азамат алғаш рет дауыс бермек. 2025 жылғы сайлауға дейін 21-25 қаңтар аралығында азаматтардың 41,81 пайызы алдын ала дауыс беріп үлгерген.